Қоғам

Рысқалиев & Мусин: Ескі Қазақстанның өкілдері Лондонда көзге түсті

Ескі Қазақстанның өкілдері Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусин Лондонда көзге түсті, – деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Атырау облысын және Атырау қаласын басқарған Рысқалиев саяси себептермен Ұлыбританияда босқын мәртебесін алған болатын. Себебі елдің Жоғарғы соты қылмыстық қудалаудың саяси астары бар деп шешкен.

Рысқалиев пен Мусиннің Лондонда жүрген суреті қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайыновтың парақшасында пайда болды.

«Шындығында Атырау жұртына кең танымал Бергей ағамыздың айналасындағы жігіттер Европадағы қазақ диаспорасының ішіндегі ең мықты топ десек болады. Бұл ағаларымызды судан таза, сүттен ақ демеймін,себебі Қазақстан секілді супер президенттік жүйеде жемқорлықтан ешкім ада бола алмайды.Бірақ қалай айтсақ та, әр қазақ- менің жалғызым демекші, елден жырақ жүрген кез келген европашыл қазақ біз үшін қымбат болуы тиіс…», – дейді қоғам белсендісі.

2012 жылы 15 тамызда экс президент Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі әкім Бергей Рысқалиевті Атырау облысы басшылығынан алып, орнына Бақтықожа Ізмұхамбетті сайлауға барған. Назарбаев облысты алты жылға жуық басқарған Рысқалиев басқа қызметке ауысатынын айтқан болатын.

Ал келесі күн, яғни 16 тамызда БАҚ-тар Бергей Рысқалиев денсаулық жағдайына байланысты отставкаға кеткенін хабарлай бастады. Отставкадан кейін Рысқалиевті дискредитациялау кампаниясы басталып, оның қоластында болғандарды ұстап, қысым көрсету басталған.

2013 жылдың 5 ақпанында Рысқалиевке іздеу салынды. Оған Қылмыстық кодекстің 176-бабында көзделген қылмысты жасады деген және ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрды деген айып тағылды. 2019 жылдың 25 қаңтарында сырттай сот отырысы өтіп, сот Бергей Рысқалиевті 17 жылға бас бостандығынан айырды. АҚШ саясаткерлері Рысқалиевті сырттай соттаудың саяси астары бар деп баға берді.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button