Экономика

Елімізде жиһаз бағасы тағы да қымбаттады

Қазақстанда биыл қаңтарда жиһаз бен тұрмыстық заттардың бағасы жылдық мәнде 11,8%-ға өскен, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Energyprom зерттеуіне қарағанда, өңірлер бойынша ең көп жиһаз әдеттегідей Алматыда шығарылған: 22,8 млрд теңге (бір жыл ішінде 29,5%). Екінші және үшінші орындарла Алматы облысы (8,5 млрд теңге, жыл бойынша 59,8%) және Түркістан облысы (6,9 млрд теңге, жылдық мәнде 48,7%) тұр.

Ең көп өндіріс көлемін кеңселер мен бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз құрап отыр: 31,5 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 32,3%-ға артық. Тағы 8,2 млрд теңгені ас үй жиһазын өндірісі, ал 6,2 млрд теңгені матрас өндірісі құраған, — дейді сарапшылар.

Зерттеуге сенсек, электр люстралар жылдық қарқын бойынша 15,7%-ға, киім шкафтары 14,6%-ға, ванна бөлмесіне арналған аспалы айналар 13,9%-ға, үстелдер 12,4%-ға, орындықтар 11,4%-ға, диван төсектері 10,6%-ға, жатын бөлмелеріне арналған жиһаз жиынтықтары 7,5%-ға қымбаттаған.

Өңірлер арасында бағаның өсуін Ақмола, Алматы және Қарағанды ​​облыстарының тұрғындары көбірек сезінді. Бағаның ең аз жылдық өсімі Жамбыл, Павлодар және Ақтөбе облыстарында байқалған.

Фото: energyprom.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button