Аймақ
Ресейде адам өлтіріп, 25 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Ақмола облысында ұсталды
Ақмола облысында Ресейде адам өлтіріп, 25 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1999 жылғы 12 наурызда Томск қаласында Қазақстан азаматы өзінің танысын өлтіріп, қашып кеткен. Оған Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша айып тағылған. Сол уақытта күдіктіні табу мүмкін болмаған. Сондықтан РФ Томск облысы ІІМ басқармасы күдіктіге іздеу жариялаған. Ер адам 25 жыл бойы жасырынған, — делінген хабарламада.
Қылмыскерді Атбасар ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұстады. Ол өңірдегі ауылдардың бірінде жасырынған.
Фото: polisia.kz