Қоғам
Алматыда педофилиямен айналысты деген күдікпен подполковник ұсталды
Алматыда жасөспірімге азғындық әрекет жасамақ болған шекара бөлімінің лауазымды қызметкері ұсталды. Ұсталған подполковник жайлы Алматы полициясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың педофилияға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны айтылған.
Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объектив мән-жайлар анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы Полиция департаменті өкілдері.
Еске салайық, жуырда ғана Мәжілісте қабылданған заңға сәйкес педофильдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Фото: gov.kz