Алматыдағы жер сілкінісі: Президент министр Шыңғыс Әріновке бірқатар тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Шыңғыс Әріновтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр.
Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды.
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев