Үкімет

Елімізде электр энергиясы тапшы болады

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың наурызына дейін елімізде электр энергиясы тапшылығы болжанып отырғанын айтты, деп хабарлайды Kaz.inform.kz.

Алдағы күзгі-қысқы кезеңге арналған болжамды баланстар 2024 жылғы қазаннан бастап, 2025 жылғы наурызға дейінгі аралықта электр энергиясы бойынша да, қуат бойынша да тапшылық болатынын көрсетіп отыр, — деді Нәби Айтжанов Энергетика министрлігінің алқа отырысында.

Оның айтуынша, болжамды ең жоғары электр жүктемесі (17,4 ГВт) мен станциялардың 16,4 ГВт генерациялауы кезінде тапшылық шамамен 1,025 ГВт құрайды, оны негізінен Ресей Федерациясынан импорттау немесе Қазақстан тұтынушыларын шектеу арқылы жабуға болады.

Алдағы күз-қыс кезеңінде электр энергиясын тұтынудың өсу динамикасына сәйкес, оңтүстік аймақтың ең көп жүктемесі 4500 МВт-тан асуы мүмкін. Оңтүстік өңір тұтынушыларының қажеттіліктерін толық қамтуды қамтамасыз ету және шектеулердің енгізілуіне жол бермеу үшін Жамбыл ГРЭС 5 блоктық режимде жұмыс істеуі қажет, — деді ол.

Жалпы, «KEGOC» АҚ деректері бойынша 2024-2030 жылдарға арналған электр қуатының болжамды теңгерімі тапшылық болатынын көрсетеді, 2030 жылға қарай бұл жетіспеушілік 6,2 ГВт-қа дейін жетеді.

Фото: gov.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button