Аймақ

«Күдікті 10 млн теңге пара алды»: Сәтбаев әкімінің ісі сотқа берілді

Пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа берілді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Алғашқы сот отырысының күні белгіленді.

Шапағат Момынбайұлы Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен. Бірінші сот отырысы 11 наурызға белгіленген.

Оған ҚР ҚК-нің 366-абы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр.

Бұл күні сот отырысында сонымен қатар қала басшысына пара берген адамға да қатысты іс қарастырылады. ҚР ҚК 36-бабы 2-бөлігі бойынша сот алдында Досбол Мейірбек жауап береді.

Еске салсақ, 14 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір 10 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталғанын хабарлаған болатын.

Фото: Сәтбаев қаласы әкімдігі

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button