Экономика

Жеке кәсіпкерлердің 70%-ға жуығы табысын жасырып отыр — Қаржы вице-министрі

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде салық төлемей жүрген кәсіпкерлер мен мобильді аударымдарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Қазіргі кезде көп салық төлеуші тіркеуде түр. Бірақ олардың біразы салық нысанасында нөлдік көрсеткіш көрсетіп отыр. 2023 жылғы бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 1,4 млн жеке кәсіпкердің ішінде нөлдік көрсеткішті 944 мың салық төлеуші көрсетті. Бұл өз кезегінде 67 пайызға тең, — деді К. Біржанов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол 30 пайызы заңды түрде салық төлеп жатқанын айтты.

Қалған 67 пайызы салық төлемейді, нөлдік көрсеткіш көрсетеді. Ұлттық банктің дерегіне жүгінсек, барлық төлем банк карточкасы арқылы өткен. Мәселен, бәріңіз дүкеннен тауар сатып аласыздар. Олардың айналымы бір жылдың ішінде 55 трлн теңге болды. Ал мобильді аударымдардың сомасы 80 трлн теңгені құраған. Түсінесіз бе? Бұл ретте, төлемдердің бір бөлігі салық алаңында болмағанын, төленбегенін байқатып отыр. Бұл өз кезегінде жергілікті жердегі бюджет шығыны саналады. Қазіргі кезде әлеуметтік саланың дамуына үлес қосу үшін осы төлемлерді төлеу керек, — деді вице-министр.

Оның пайымынша, елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды толықтай қамтамасыз ету үшін салықтан жалтаруға жол бермеу керек.

Балалар жарық әрі жылы мектепте оқуы тиіс. Халық жақсы ем алуы керек. Егер жеке кәсіпкерлер осы 80 трлн теңгеден салық төлемесе, олардың жағдайы қиын болады. Сондықтан осы ақпаратты дұрыс жеткізуді сұраймын, — деді Ержан Біржанов.

Фото: bes.media

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button