Аймақ

Алматы облысындағы колония басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, №57 мекеме Алматы облысы Заречное ауылында орналасқан.

Фото: Роман Егоров

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button