Қостанай облысында 89 елді мекенді су басуы мүмкін
Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Соның аясында биылғы 1 наурыздан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен келісімшарт жасалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне күн сайын қар жамылғысының ғарыштық мониторингінен суреттер келіп түседі.
Сонымен қатар, облыстың 6 ауданындағы (Жангелдин, Науырзым, Әулиекөл, Қарасу, Қамысты аудандары және Б. Майлин ауданы) 16 учаскеде жарылыс жұмыстарын жүргізуге келісім жасалды. Ол наурыздың үшінші онкүндігіне жоспарланған.
Қостанай облысында су басуы мүмкін барлығы 89 елді мекен бар. Соңғы жылдары жүргізілген инженерлік-техникалық жұмыстардың қорытындысы бойынша бес елді мекенде ықтимал су басу қаупі жойылып, 48-де барынша азайтылды.
Бұған дейін белгілі болғандай, Қостанайда су тасқыны кезінде аса қауіпті аймақтарда тәулік бойы жұмыс істейтін гидро бекеттері жұмыс істейді.
Фото: ашық дереккөз