Қоғам

Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы пәтерден өлі табылды

Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагим пәтерден өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек оқиғаны растады.

Осы факті бойынша «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Мән-жайы анықталып жатыр, — деді полиция өкілі.

Айта кетейік, 2020 жылы Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-тен «қаржы жымқырды» деп сотталып, былтыр күзде босап шыққан еді.

Бақыт Ибрагим 1985 жылы 28 мамырда туған.

Кәсіпкердің жеке өміріне қатысты мәлімет жоқтың қасы. Кей мәліметтерде оның бұрынғы әйелі Меруерт Әбдір екені айтылады. Меруерт Әбдір – Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button