Қоғам

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

Айдын Айымбетов Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» кәсіпорнын басқаратын болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Қазақстан ғарышкері Айдын Айымбетов жаңа лауазымға ие болды. Республикалық ғарыш байланыс орталығының баспасөз қызметінен Айымбетовтың Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек” кәсіпорнын басқаратыны жөнінде ақпарат таратты.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары” үкіметінің басшысы болған.

Айымбетов – ұшқыш-ғарышкер, ҚР авиация генерал-майоры. «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы», «Отан” ордені қатарлы мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары бар.

Фото: gov.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button