Мобильді аударымдарға шектеу қойылды
Үкіметтегі брифингте Қаржы министрі Мәди Тәкиев елімізде мобильді аударымдарға қатысты қазіргі ахуал туралы айтты, деп хабарлайды EL.kz.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде тағы бір шектеу талқыланып жатыр. Оған сәйкес, үш айда бір адамға жіберілген мобильді аударымдардың жалпы сомасы 255 мың теңгеден аспауы қажет.
Бүгінде Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, кәсіпкер ретінде тіркелу үшін жылына 12 ең төменгі жалақыдан, яғни 85 мың теңгеден жоғары табыс алу қажет. Ұялы аударымдар үшін екі критерийді қолданамыз: бұл үш айда 100-ден аса аударма, — деді Такиев.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде тағы бір шектеу талқыланып жатыр. Заң бойынша бір жылдық табысы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын болса, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.
Фото: ашық дереккөз