Қоғам

«Қазіргі таңдағы дактилоскопия және дактилоскопиялық сараптама» атты байқаудың марапаттау салтанаты өтті

5 сәуір күні «Сапалы білім беру» атты ТМД 4-тармағы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойында заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедра оқытушылары жыл сайын өтетін «Рухани жаңғыру» жобасының аясында «Қазіргі таңдағы дактилоскопия және дактилоскопиялық сараптама» атты республикалық байқауының марапаттау салтанаты өтті.

13.11.2023ж.–25.11.2023ж. аралынында болған «Қазіргі таңдағы дактилоскопия және дактилоскопиялық сараптама» атты байқауы Қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелерін зерттеу отралығымен бірігіп өткізілді.

6В12301 «Құқық қорғау қызметі»,  «6В04205 – Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша 3, 4 курс білім алушылардың белсенділік танытты.

Байқауға Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының білім алушылары қатысып белсенділік танытқан болатын. Атап айтқанда: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,  Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ,  Туран университеті, Қонаев университеті.

Кафедра мәжілісінде бекітілген арнайы әділ қазылар: төрайымы  з.ғ.к., профессор  Г.Т. Алаева, мүшелері;  з.ғ.к., аға оқытушы С.Ш. Даубасов., з.ғ.к., аға оқытушы М.У. Досанов.

Байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау салтанатында студенттерге арнайы диплом табысталды. Атап айтқанда студенттер III дәрежелі; II дәрежелі; I дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз!

С. Даубасова, ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық,

қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы.

Фото: ашық дереккөз

 

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button