Санатсыз

Алматы қаласы ТЖД бастығы сотталды

Қостанай қаласының №2 соты Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды. Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды, — делінген Антикордың ақпаратында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: ашық дереккөз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button