Қоғам

Қазақтың қыздары қызметте отыруы үшін бастығының «төсектесі» болуға міндеттелген – заңгер

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек гендерлік саясатты сынап, әйелдер қызмет істеуі үшін бастығымен төсектес болуы міндетті екенін айтты, деп жазады Qazaqinfo.kz.

Айгүл Орынбек facebook-парақшасында елімізде әйелдердің жұмыс істеуі, яғни қызметте отыруы қоғамда кері пікір қалыптасқанын жеткізді.

Қазақстандағы гендерлік саясат деген – далбаса әңгіме! Қазақтың қыздары көшеге шығып тәнін сатса – арсыз, тексіз, сүйекке түскен таңба дейміз! Ұлттың намысын төккен қарабет деп, оны қоғам болып талқылап-табалаймыз!

Ал қазақтың қаракөз қыздары өз білім-білігімен қызметке келіп, таза жүріп, Елге адал жұмыс істесе – соңына негізсіз «майшаммен» түсіп, қысым жасап, ақыры заңсыз қызметтік және қылмыстық қудалаумен орнынан құртамыз!

Енді осыдан кейін ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРАКӨЗ ҚЫЗДАРЫ не істесін?

Қызметте отыруы үшін бастығының жемқор «әмияны» немесе «төсектес» болуға міндеттелгені – қоғамның ащы болса да жарасы! Шындығы! – деп жазды ол.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button