Қоғам

ҚазҰУ студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдайды

Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатты аялау, оған үнемі жанашырлық сезіммен қамқорлық жасап отыру ата-бабаларымыздың ұрпақтарына ұран етіп қалдырған аманаты екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспіз. Еліміз үшін табиғатты қорғау өзекті мәселе болғандықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.

Акция бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысты. Акция аясында ҚазҰУ-да сенбілік ұйымдастырылып, қалашық аумағы қоқыстардан тазартылды.

Тазалық шарасына университет басшылығы, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен қызметкерлері, 16 факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты.

10 мыңға жуық адам оқу ғимараттары мен жатақханалардың айналасын ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, жапырақтардан және сынған бұтақтардан тазартты. ҚазҰУ қалашығындағы ағаш түптері әктеліп, сырланды. Сонымен қатар оқу ордасының студенттері университет аумағы бойындағы әл-Фараби даңғылында және Тимирязев көшесінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Атаулы шараға заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы да өз үлесін қосты. Мұндай іс-шаралар  экологиялық сананы арттыруға, осындай экологиялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді және тазалық пен тәртіпті сақтау әдеттерін қалыптастыратынына сенімдімін.

Адамзат табиғатпен және жердегі барлық тіршілікпен байланысты. Бұл тепе-теңдікті сақтау керек.

Табиғатты қорғау қарапайым дүниеден басталады деп ойлаймыз. Мәселен, жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеу ұлттық негізі бала кезден  басталады. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру, жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жас­тарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі.

Табиғат пен адам – біртұтас. Адамзат планетаның экологиясына назар аударуы керек. Көлік құралдары ауаны зиянды газдармен ластайды. Көптеген мұнай қалдықтары су қоймаларына тасталуда. Бұл қалдықтар  өсімдіктер, жабайы аңдар, балықтар мен құстардың өліміне әкеліп жатыр. Бұның басты себепкері — адамдар.

Экожүйені бұзу  өз үйімізді бұзғанмен бірдей. Қоршаған ортаға қамқорлық пен сүйісепншілік қажет. Сонда ғана, адам табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Планетадағы тіршілікті қорғау үшін бүкіл адамзаттың бірігуі қажет.  Біз бәріміз де табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақ алдында, тарих алдында жауаптымыз.

Гүлжан Мухамадиева,

әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к,

Ақынқожа Жәнібеков, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының профессор м.а., PhD докторы,

Бексұлтан Машбек,

әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының студенті.

Фото: farabi.university

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button