Қоғам

Жезқазғандық азамат Қазақстан жерін тұтастай Ресейге беруді ұсынды (ВИДЕО)

Ұлытау облысында өзін желіде жезқазғандық Александр Сергеевичпін деп таныстырған азамат Қазақстанның жерін тұтастай Ресейге беруді ұсынды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz 31-телеарнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ер адам еліміздің солтүстігін Ресейдің территориясы деп санайтынын алға тартқан.

Ресейге қосу керек болса, солтүстікпен бірге барлық аймақты қоссын. Жаман болмайды деп ойлаймын, – деген ол.

Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тараған соң, Қазақстанның жерін тұтастай Ресейге беруді ұсынған азамат сол күні мас болып , әзілдеп айттым деп ақталған. Алайда Жезқазғанның бірнеше тұрғыны оны жауапқа тартуды талап етті.

 

Мұндай сепаратистік көзқарасты адамннан қоғамды қорғап, Қазақстан азаматтығынан айыру керек, – деген тұрғындар.

Ал Ұлытау облысының прокуратурасы қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен сотқа дейнгі тергеуді тіркеу үшін құжаттар жинақталып жатқанын жеткізді.

Фото: скриншот

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button