Мәдениет

Жетісу облысында әкім кубогының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Халықаралық жастар күніне орай онкүндік аясында Жетісу облысы әкімінің кубогі үшін республикалық Jaidarman ойыны өтті. Талантты жастардың басын бір арнаға тоғыстырған Жайдарман жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, олардың дамуына ықпал ететін институт. Шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов арнайы қатысып, командаларды марапаттады.

Ойында еліміздің түкпір-түкпірінен келгенреспубликамызға танымал 11  үздік команда бақ сынасты. Олар: Шатыр (Семей), Ақбұлақ (Түркістан облысы), ОЮ (Тараз), Атлант SU (Алматы), Медиум (Тараз), Краш (Астана), Талдықорған құрамасы (Талдықорған), Қыздар-Ай (Талдықорған), Төле би (Шымкент), Жуалы (Тараз), Рудный (Қостанай облысы).

Әкім кубогін «Қазақстан КВН Одағының» Президенті – Есентүгел Елеукен Баймұханбетұлы жүргізді.

Жайдарманшылардың өнеріне баға берген қазылар алқасының құрамында: журналист, Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті Нұрсұлтан Құрман, блогер, әнші, актриса Сабина Мовлаева, Panasonic Electric Works компаниясының ТМД елдері бойынша сату бөлімінің басшысы Думан Туребаев, актер Рамис Кулахметов, Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов болды.

Төрешілердің шешіміне сәйкес, бар жанарды жаулаған жайдарман ойындарының нәтижесі: 1 орындыШымкент қаласынан келген «Төле би»командасы жеңіп алды. Оларға   әкім кубогы мен 1 000 000 теңгелік қаржылай сертификаттабысталды. 2 орынды Алматылық«Атлант SU» командасы, ал 3 орынды «Ақбұлақ»командасы иеленді. Ерекше ойын көрсеткен «Краш» командасының ойыншысы Мейіржан Алихан – «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Жеңімпаздарға  ақшалай сыйлық табысталды.

Жетісу облысы әкімінің жүлдесін иелендік. Барша қолдаған көрермендерге, ұйымдастырушыларға, қазыларға рақмет! Шын жүректен қуаныштымыз. Келдік, барымызды салдық! Еңбек бағаланды, – дейді «Төле би» құрамасының ойыншысы.

Еске сала кетейік, Жетісу облысы әкімінің кубогі үшін республикалық Jaidarman ойыны дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жоба келген көрерменге де, қатысқан топтарға ерекше әсер қалдырды. Жоғары деңгейдегі ұйымдастыру және кәсіби редакторлық жұмыс нәтижесінде әкім кубогы ойыны сәтті өткізілді.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button