Аймақ

Жетісу облысында «Көшбасшы — 2024» жастар сыйлығы және «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тапсырылды

«12 – тамыз Халықаралық жастар күніне орай» Жетісу облысында «Көшбасшы – 2024» жастар сыйлығын табыстау салтанаты өтті.

Дәстүрге айналған байқауға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Облыс әкімінің жастар сыйлығы жастардың қоғамдағы жетістіктерін, көшбасшылық қабілеттерін және шығармашылық әлеуетін атап өту мақсатында ұйымдастырылуда. Биыл 172 үміткер өтініш қалдырып, 15 аталым бойынша өз саласында үздіктер анықталды. Бүгін үздіктерге облыс әкімінің арнайы сыйлығы тапсырылды.

Көшбасшыларды құттықтау үшін өнер майталмандары, эстрадамыздың жарық жұлдыздары Нұржан Керменбаев пен Серік Ибрагимов ән шашуларын сыйлап, құттықтады.

«Көшбасшы-2024» жастар сыйлығының табыстау рәсімі жастардың шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дәріптеуге бағытталған маңызды оқиға болып табылады. Көшбасшы жастар сыйлығы облысымыздың жастар саясатына жаңа серпін беріп, болашақта да жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуге ынталандырады.

 

Фото: Жеңіс Ысқабай

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button