Jas fest: Алматыда 3000-нан астам жастың басын қосқан фестиваль өтті
Алматы жастар қаласы, Мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мың жас тұрады. Жастар күні 1999 жылдан бері 12 тамызда бүкіл әлемде тойланады. Бұл — жастарға, олардың жетістіктері мен әлеуетіне арналған ерекше күн.
Көк-Төбеде Халықаралық жастар күніне орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен, «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігін өткізу аясында «JAS FEST 2024» open air фестивалі өтті.
Іс-шараға Жастар саясаты басқармасының басшысы Кажденбек Азиз Оралбекұлы, Алматы қаласы маслихат депутаты Серік Есматов, Комьюнити-орталықтардың және ҮЕҰ өкілдері, еріктілер мен қала белсенділерін қоса алғанда 3000-нан астам адам қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында, қала жастарының басын қосып әдемі кеш өткізу дейді ұйымдастырушылар.Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Кажденбек Азиздың айтуынша, фестивальде тек танымал әншілерді ғана емес, сонымен қатар жас әншілердің үлкен сахнада өнер көрсетуіне ықпал ету болған.
Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы жастарды қолдауға түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Мәселен, биыл 3-12 тамыз аралығындағы «Жастармен бірге» ұлттық онкүндік аясында Алматыда жастарға 60-тан астам әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бүгін осы фестивальге достарыммен келіп ерекше сезімге бөлендім. Жастар күнін қалада осылай атап өтіп жатқаны ерекше қуантады. Шеберлік сабақтар мен мерекелік концерт қатты ұнады. JASFEST секілді фестивальдар қалада жиі өтіп тұрса екен, – деді қала тұрғыны Аяулым Шапенова.
Фестиваль аясында концерттік бағдарлама, шеберлік сабақтар және қаламыздың демалыс орталықтарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Бұндай шараға келуімнің басты мақсаты тек концерт көру емес, сондай-ақ жаңа достар тауып ортамызды кеңейту. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі жылы болса, тағы да келер едім, — деді жас алматылық Қуат Айтқалиев.
Фото: дереккөз