Қоғам

Ғаламдық мәселелердің ішіндегі ең күрделісі – кедейлік

Кедейлік – әлемдік қауымдастық алдында тұрған ең үлкен сын-қатерлердің бірі. Ол тек экономикалық мәселе ғана емес, сонымен бірге білім, денсаулық және әлеуметтік теңсіздік  мәселелеріне тікелей әсер ететін күрделі құбылыс.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бағдарламасының алғашқы мақсаты – кедейлікті жою. 2030 жылға қарай әлемдегі шектен тыс кедейлікті жою – басты мақсаттардың бірі ретінде қабылданды. Қазақстан осы мақсатқа жету жолында бірқатар маңызды қадамдар жасауда.

Осы тақырып аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті студенттерімен ой талқы жұмысын жасадық. Білім алушылар өз пікірлерімен бөлісіп, өзекті мәселе төңірегінде слайд жұмыстарын жасады.

Қазақстандағы кедейлікті жою бойынша қандай шаралар қолдануға болатыны туралы көп ізденді.

Факультет студенттері Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін бірқатар шаралар қабылдау керек екені жайлы ой білдірді. Елдегі кедейлік деңгейін төмендету және әлеуметтік теңсіздікті азайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен реформалар жүзеге асырылып жатқаны жайында статистика жұмыстарын жасады.

Қазақстан кедейлікпен күресте халықаралық ұйымдармен және серіктес елдермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP), Дүниежүзілік банк, жәнеХалықаралық валюта қоры (IMF) сияқты ұйымдармен бірлесіп, кедейлікті жою бағытында тәжірибе алмасу және бағдарламаларды жүзеге асыру маңызды рөл атқарады. Халықаралық сарапшылардың қолдауы кедейлікке қарсы күресте тиімді шешімдерді қабылдауға және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кедейлікті жою бағытындағы шаралар тұрақты және кешенді болуы қажет.

Бұл мәселені шешу үшін мемлекет тарапынан жүйелі саясат жүргізу ғана емес, сондай-ақ бизнес, үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық қоғамның белсенді қатысуы қажет. Кедейлікті түбегейлі жою үшін әлеуметтік теңсіздікпен күресу, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жолында күш-жігер жұмылдырылуы керек. Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес, кедейлікті жою тек экономикалық мәселелермен ғана шектелмейді. Ол адамдардың негізгі қажеттіліктерін, соның ішінде сапалы білім, денсаулық сақтау, таза су және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асады.

Кедейлікпен күресу Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығы үшін маңызды міндеттердің бірі. Тұрақты даму мақсаттарының аясында кедейлікті жою шаралары халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл бағыттағы саясат елдің ұзақмерзімді экономикалық дамуына оң ықпал етіп, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның кедейлікті жоюға бағытталған стратегиялары Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып, елдегі әлеуметтік теңсіздік деңгейін азайтуда. Осылайша, халықтың әл-ауқатын жақсарту мен тұрақты даму жолында маңызды қадамдар жасалуда.

Г. М. Атаханова,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті

қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасының профессоры;

Ш. Д. Советхан,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті

азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және

еңбек құқығының оқытушысы

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button