Денсаулық

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 44 781 бала психикалық есепте тұрғанын айтты

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда психикалық ауытқулары бар 44 781 кәмелетке толмаған бала есепте тұрғанын мәлім етті, деп хабарлады Qazaqinfo.kz.

Олардың ішінде 301 балаға «шизофрения» диагнозы қойылған. Психикалық ауытқулары бар балаларға медициналық-әлеуметтік көмек 20 өңірлік Психикалық денсаулық орталығында және республикалық деңгейде Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығында көрсетіледі.

Былтыр 10 595 кәмелетке толмаған бала стационарлық ем қабылдаған, оның ішінде 178 бала – шизофрения диагнозымен. Сол секілді Астанада 5000-нан астам бала психиатрлардың бақылауында тұр.

Фото: Ulysmedia.kz\ЖИ

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button