Қоғам
«Үкіметтің позициясы әлсіз»: Зайытов уақыт белдеуі кері қайтарылатынын айтты

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Airan YouTube-арнасына берген сұхбатында уақыт белдeуі наурызда кері қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Наурызда отырыс жасаймыз. Сол кезде не бүк, не шік болады, — деді депутат.
Зайытовтың айтуынша, уақыт белдeуін өзгертуге қатысты Үкімет нақты дәлел ұсынбаған.
Үкіметтің позициясы әлсіз, ешнәрсе дәлелдей алмайды. Уақыт белдеуі ауысқанның не пайдасы тиді? Уақыт қайтарылады, – деп қосты Зайытов.
Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт белдеуінің өзгеруінің азаматтардың өмір сүруіне және ел экономикасына әсерін жан-жақты зерттеуді 1 наурызға дейін жүргізуді тапсырған еді.
Фото: depositphotos.com