Зерттеу: Мектепте қанша оқушы буллингке ұшырайды?

Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Алтынай Есқалиева жасөспірімдердің психикалық және физикалық әл-ауқатына қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Жасөспірімдер арасында психикалық денсаулық мәселелері өршіп тұр
🔹 Созылмалы аурулар: 11-14 жас аралығындағы жасөспірімдердің 9,9%-ында созылмалы аурулар анықталған.
🔹 Психикалық әл-ауқат: 11-15 жас аралығындағы балалардың 16,6%-ы депрессия белгілерін көрсеткен.
🔹 Денсаулық шағымдары: 36,4% жасөспірімдер денсаулығына қатысты әртүрлі шағымдар білдірген.
Зиянды әдеттер және қауіпті мінез-құлық
📌 Темекі шегу: Жасөспірімдердің 6,6%-ы темекі шегеді.
📌 Алкоголь: 4,6% жасөспірімдер өмірінде бір немесе бірнеше рет масаң күйде болған.
📌 Жыныстық қатынас: 5,6%-ы ерте жыныстық қатынасқа түскен.
Буллинг және әлеуметтік желілердің әсері
📍 Буллинг: 17,5% жасөспірімдер мектептегі қорлаудың (буллингтің) құрбаны болған.
📍 Кибербуллинг: Балалардың 3,4%-ы айына кемінде бір рет онлайн қорлауға (кибербуллингке) ұшыраған.
📍 Әлеуметтік желілер: 12,7% жасөспірімдер әлеуметтік желілерді шамадан тыс қолданатындар санатына жатады.
Зерттеу нәтижелері онлайн-коммуникацияның балалардың ұйқысына, психикалық денсаулығына және мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді.
Ұлттық мониторинг жүйесі қажет
Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қорғау және олардың мінез-құлқын бақылау мақсатында ұлттық және өңірлік деңгейлерде мониторингтеу жүйесін енгізу маңызды. Бұл жүйе балалардың физикалық және психологиялық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Фото: Matritca.kz.