Бүгін жазушы-журналист Әбілфайыз Ыдырысовтың туғанына — 95 жыл

Бүгін (1930-2019) ардагер ұстаз, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Журналистер одағының бірнеше дүркін лауреаты Әбілфайыз Ыдырысовтың туғанына 95 жыл толды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Қостанай облысында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1953-1965 жылдары «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде, Қазақ республикалық радио комитетінде редактор, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1965 жылдан қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық етті. Елімізге еңбегі сіңген журналистер даярлау ісіне сүбелі үлесін қосқан.
«Әуезовке іңкәрлік», «Біртуарлар болмысы» эсселер жинақтары, «Таңшолпан» роман-хикаясы, «Аңсаған менің әнімсің», «Берік», «Мұхамеди» повестері жарық көрген. Әр жылдары басылып шыққан «Газетті безендіру сыры», «Редактор мен корректорға көмекші құрал», «Фототерім», «Полиграфия өндірісі негіздері» оқулықтары мен оқу құралдары күні бүгінге дейін сұранысқа ие.
Бірнеше медальмен марапатталған.
Фото: aigak.kz