Оқиға

Fly Arystan ұшағының бортында өрт шықты

Астанадан Ақтауға бағыт алған ұшақтың жүк салу бөлігінен өрт шығып, әуе кемесі ұшу пунктіне оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Fly Arystan әуе компаниясының хабарлауынша, төтенше жағдай бүгін, 23 ақпанда Астана-Ақтау бағыты бойынша FS 7375 рейсін орындау кезінде болған.

Ұшақтың жоғарғы жүк салу бөлігінде жолаушының сөмкесі өртенген. Өртті әуе компаниясының бортсеріктері дереу өшірді, — делінген хабарламада.

Бортта барлығы 182 жолаушы болған. Әуе кемесі ұшу пунктіне қайтып оралды, штаттық режимде қонды.

Астана-Ақтау бағытындағы бұл рейс Астана уақытымен 17.10-ға ауыстырылды.

Фото: Fly Arystan баспасөз қызметі

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button