Оқиға
Үш адам қаза тапты: БҚО-да жантүршігерлік жол-көлік апаты болды

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Апат Жәнібек ауданындағы Өнеге ауылының маңындағы Қазталов-Өнеге-Жәнібек тас жолында болды.
Ford Focus жүргізушісі жүк көлігін басып озбақ болғанда қарсы беттегі Chevrolet Cobalt-пен соқтығысты. Апат салдарынан үш адам қаза тапты: Ford Focus жүргізушісі, сондай-ақ Chevrolet cobalt жүргізушісі мен жолаушысы, — деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар жол апатынан Ford Focus-тың төрт жолаушысы зардап шекті. Олар түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтайды.
Фото: «Мой город»