Қоғам
Әлия Назарбаева белгілі нумерологтың туған күн кешінде бой көрсетті

Әлия Назарбаева Мәскеуде танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның 62 жасқа толған туған күн кешіне қатысқан, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Қазақстанның бірінші президентінің кенже қызы ұзақ уақыт бойы көпшілік алдына шықпаған-ды.
Әлия Назарбаева және басқа да танымал қонақтар Мәскеудің орталығындағы «Яръ» мейрамханасында Клара Күзденбаеваны құттықтады. Әлеуметтік желідегі видеолардан туған күн кешіне Назарбаевадан бөлек журналист әрі тележүргізуші Айгүл Мүкей, әнші Ержан Нұрғалиев, ресейлік актриса Елена Валюшкина сияқты танымал тұлғалар қатысқанын байқауға болады.
Еске салсақ, жыл басында БАҚ-та Әлия Назарбаеваның Мәскеуге қоныс аударғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Фото: видеодан скриншот