Сарапшы қазақстандықтар 20 жылдан кейін қаңғыбасқа айналуы мүмкін екенін айтты

Дьюк университетінің түлегі және білім беру сарапшысы Ғабит Бекахметов 101percentpodcast бағдарламасында еліміздегі құрылыс ұйымдары қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан байланысына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Сарапшының сөзіне сенсек, қазақстандықтардың арасында туысқандық қарым-қатынас қарқынды түрде алыстап барады. Ал бұл елде қаңғыбастардың көбеюіне әкелуі мүмкін.
Әзірге қаңғыбас болып кету мүмкіндігі аз. Себебі туысқандық байланыс әлі бар, әзірге бар. Бірақ 20 жылдан кейінгі көрініс басқаша болады. Неге? Себебі қазір бұрынғыдай бала көп емес. Туысқандар да бұрынғыдай араласпайды. Бәрі пәтерлеріне тығылып алып өмір сүреді. Жиын-тойларға жиналса бір-бірін танымай жатады. Көп жиналатын орталар да жоқ болып кеткен. Бұрын ондай орталар көп еді, үйде, ата, әжесінің айналасында бәрі жиналып тұратын, — дейді Ғабит Бекахметов.
Фото: mk-kz.kz