Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісін тергеу аяқталды

Былтыр кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісін тергеу аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысқан.
Іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы өтті, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, беттеусілер өтті, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жасалды, — деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, тергеу аясында 8 бейнематериал зерттелген. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.
Фото: instagram.com/justice_for_sherzat