«Ғимараттың қабырғасын ойған»: Ресейлік азаматтар Павлодардағы банк бөлімшесін тонап кеткен

Былтыр қарашада белгісіз біреулер Павлодардағы банк бөлімшесінің қабырғасын ойып, қарақшылық шабуыл жасаған. Күдіктілердің Ресей азаматтары екені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Әлеуметтік желіде Павлодарда банк тонады деген күдікке ілінген бес Ресей азаматының суреттері жарияланды.
Полицейлердің мәліметінше, тергеу шетелдіктерге қатысты жүргізіліп жатыр.
Полиция РФ аумағында өткен жылдың қараша айында Павлодар қаласындағы банк бөлімшесінен ұрлық жасаған күдіктілерді жедел анықтап, ұстады. Қазақстан сотының шешімімен Ресей Федерациясының азаматы болып саналатын ұсталғандарды қамауға алуға санкция берілді, — деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп жедел-тергеу тобын құрды. Сотқа дейінгі тергеу әлі жалғасып жатыр.
Фото: NUR.KZ