Аймақ

Ақтөбеде үй ауласында көз жұмған баланың өліміне қатысты тың мәліметтер жарияланды

Ақтөбеде 28 ақпан күні таңертең Маресьев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан 1-сынып оқушысының мәйіті табылғанын жазған едік. Қайғылы оқиға туралы ақпарат WhatsApp арқылы тұрғындар арасында тез тараған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы жергілікті «Мой город» басылымы жазды.

WhatsApp хаттардың бірінде былай делінген:

Бүгін таңертең №16 мектепте қайғылы оқиға болды. 1-сыныпта оқитын бала анасы 1 минутқа ғана кешігіп қалған соң аулаға шыққан. Бүлдіршінге қаңғыбас иттер шабуыл жасады.

Алайда Ақтөбе облыстық Полиция департаменті қаңғыбас ит шабуыл жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға орнына сағат 7:30 шамасында жеткен жедел-тергеу тобы баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Баланы ит талады деген ақпарат расталған жоқ. Оның киімдері бүтін, денесінде ешқандай жарақат жоқ, — деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу жалғасып жатыр.

Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның айтуынша, бала анасы мен әпкесінен бұрын шығып кетіп, аулада ес-түссіз құлап қалған.

Дәрігерлердің айтуынша, қоңырау таңғы 7:39-да түскен, ал жедел жәрдем 7:44-те оқиға орнына жеткен.

Бала клиникалық өлім жағдайында болған. Дәрігерлер 30 минутқа жуық реанимациялық шаралар жасағанмен, баланы аман алып қала алмаған. Ол диспансерлік есепте тұрмаған, денсаулығына шағымы жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін үйдің ауласында кішкентай бала қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Фото: kaz.inform.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button