Білімдегі сапа — табысты қоғамның негізі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚАЗҰУ) заң факультеті еліміздің білім беру жүйесінде өзінің ерекше орны мен мәртебесін сақтап келеді. Бүгінде факультет тек Қазақстанның құқықтық жүйесіне қызмет ететін жоғары білікті мамандар даярлап қана қоймай, халықаралық деңгейде де бәсекеге қабілетті заңгерлерді тәрбиелеуді өз алдына мақсат етіп қойды.БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары концепциясының 4 бөлімі –«сапалы білім».Осы мақсатта факультет білім беру сапасын арттыру үшін көптеген бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда. Факультеттің оқытушылар құрамы сапалы беру жолында аянбай қызмет етуде.
Оқу ордамызда сапалы білім беру мақсатында іске асырып жатқан басты стратегиясы – халықаралық стандарттарға негізделген білім беру бағдарламалары мен инновациялық оқыту әдістерін енгізу. Қазіргі таңда факультет заманауи технологиялар мен әдістемелерді пайдалана отырып, студенттерге тек теориялық білім емес, практикалық дағдылар мен шынайы өмірде қолданылатын құқықтық мәселелерді шешу тәжірибесін де ұсынады.Білім беру сапасының басты көрсеткіштерінің бірі – оқыту әдістемелерінің жаңашылдығы мен тиімділігі. Факультететте жаңа оқу әдістемелерін қолдана отырып, студенттердің құқықтық білімдерін тереңдетуді, олардың зерттеу дағдыларын дамытуды және шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыруды мақсат етеді. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін оқытушылар тек дәстүрлі лекциялар мен семинарлармен шектелмейді. Олар студенттерге іс-тәжірибелік дағдыларды дамытуға бағытталған кейс-стадилер, құқықтық клиникалар, симуляциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.
Білім беру бағдарламаларын әлемдік деңгейдегі үздік университеттермен теңдестіріп, халықаралық талаптарға сәйкестендіруде. Сонымен қатар, факультет көптеген халықаралық білім беру жобалары мен бағдарламаларына қатысады, бұл студенттерге әлемдік құқық жүйелерін меңгеруге мүмкіндік береді.Оқу ордамыздың басты мақсаты – студенттерді тек теориялық біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың құқықтық дағдыларын дамыту және құқық қорғау жүйесінің кәсіби талаптарына сәйкес кәсіби даярлықты арттыру. Оқытушылар мен студенттер арасындағы тығыз байланыс, практикалық сабақтар мен тәжірибе алу мүмкіндіктері білім беру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.Факультет халықаралық тәжірибе алмасуды дамытуға үлкен мән береді. Студенттер шетелдік университеттермен серіктес бағдарламалар бойынша білім ала алады, ал оқытушылар шетелдік ғылыми-зерттеу жобаларына қатысады. Бұл халықаралық бағдарламалар мен оқу орындарымен серіктестік студенттерге әлемдік құқық жүйесі туралы терең білім алуға, әртүрлі елдердегі құқықтық мәдениеттермен танысуға мүмкіндік береді.
Жоғары білікті оқытушылар құрамы жоғары білікті, тәжірибелі мамандар, олардың көпшілігі ғылым докторы, профессорлар, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің тәжірибелі мамандары болып табылады. Оқытушылар тек теориялық білім берумен ғана шектелмей, білім алушыларға нақты құқықтық тәжірибе мен қазіргі заманғы заңнамалар мен құқықтық тәжірибелер бойынша кеңес береді.Оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін факультет оларды халықаралық конференциялар мен тренингтерге қатысуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге ынталандырады. Оқытушылар құрамының жоғары біліктілігі студенттердің құқықтық білімдерінің сапасына тікелей әсер етеді.
Заң факультетінің сапалы білім берудегі мақсаты – еліміздің құқықтық жүйесіне қажетті жоғары білікті мамандар даярлау және халықаралық деңгейдегі заңгерлерді тәрбиелеу болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін факультет заманауи оқу бағдарламаларын, инновациялық оқыту әдістерін және кәсіби даярлық бағдарламаларын енгізіп, студенттердің құқықтық білімін тереңдетуге және оларды болашақта әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар етіп қалыптастыруға ұмтылады.Білім ордасы сапалы білім беру арқылы тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік білім кеңістігінде де жоғары деңгейде білікті мамандарды даярлап, құқықтық білімнің дамуына үлес қосып келеді.
Қуаныш АРАТҰЛЫ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу
және криминалистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент)
Коллаж: nurlyolke.kz