Қоғам

Бас прокуратура Нығматулин Қазақстаннан кетіп қалғанын мәлімдеді

Күні кеше Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланған болатын. Бүгін Бас прокуратура ол қандай іс бойынша күдікке ілінгенін айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулинге қатысты істі Бас прокуратура тергеп жатыр. Арғын Нығматулиннен басқа бұл істе тағы бірнеше күдікті бар.

Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға күдікті Арғын Ниғматулин мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында Арғын Ниғматулин күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргеніне байланысты іздеуге жарияланды, — деп хабарлады прокуратура.

Айта кетейік, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы Арғын Нығматулин «Сарыарқа» Қарағанды хоккей клубының негізін қалап, кейін оны басқарған. Бірақ, 2018 жылы клубтың директорлығынан кеткен.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Зайруллаұлына іздеу жарияланғанын жазған болатынбыз.

Коллаж: ҚазТАГ

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button