Қоғам

Рамазан айы-2025: Биыл Қадір түні қай күнге келіп тұр

Биыл Рамазан айы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. 2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі.

Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазан айының соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады. Сондықтан Ислам дінінде бұл түн ерекше бағаланады. Құран Кәрімде «Қадір» сүресі бар. Осының өзі-ақ бұл түннің аса ардақты екенінен хабар береді.

Фото: Sputnik/Асем Миржекеева

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button