Аймақ

Ақтау әкімдігі қоқыс жәшігіне 1 миллиард теңге жұмсамақшы

Ақтау қаласының әкімдігі 192 жерасты қоқыс контейнерін сатып алуға 1 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шенеуніктердің айтуынша, теңіз жағалауындағы тұрақты жел уақтылы жиналмаған қоқысты ұшырып, қаланың тазалығына кері әсер етеді. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін әкімдік жерасты контейнерлерін орнатпақ.

Қала билігі былтыр 10 жерасты қоқыс жәшігін сынақ ретінде орнатып, олардың тиімділігін тексерген. Биыл әр данасы 4,5 миллион теңге тұратын 192 контейнер сатып алу жоспарланып отыр.

Биыл 192 жерасты контейнерін сатып алу бойынша конкурс жүргізілуде. Бұл 192 орынға орнатылады. Жалпы алғанда, әр нүктеде 3 контейнерден болатындықтан, барлығы 576 контейнер қарастырылған. Бұрынғы контейнерлердің көлемі 1,75 текше метр болса, жаңалары 1 текше метр болғанымен, ішкі сыйымдылығы үлкенірек, – деді Ақтау қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бақтияр Мақсатов.

Әкімдік бұл жүйе қаланың тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға көмектеседі деп сендіреді.

Фото: musor-net.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button