Қоғам

Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Бас прокуратураның мәліметінше, Әділет экс-министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 10 наурызға дейін ұзарды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Тергеу соты бұған дейін күдіктіні қамауда ұстау мерзімін 2025 жылдың 10 наурызына дейін ұзартқан болатын, — деді прокуратура өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы 21 қазанда Антикор бұрынғы Әділет министрінің лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталғанын хабарлаған болатын. Агенттік мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүддесін қолдаған.

Бас прокуратура Бекетаевты елден қашпақ болған жерінен ұсталғанын мәлімдеді.

Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары Әділет министрі қызметін атқарды. Қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті. Бекетаев ұзақ жылдарға созылған Қазақстаннан тыс сот тергеуі мен қашқын Мұхтар Әбіләзовтің ізіне түсу ісіне жетекшілік еткен еді.

Еске салсақ, былтыр ақпан айының аяғында экс-министрді қамауда ұстау тағы бір айға ұзартылған еді.

Фото: Sputnik: UGC

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button