Қоғам

Алматы әуежайында кепілдегі қызды құтқарған ер адам WBC елшісі болып тағайындалды

Алматыдағы әуежайда кепілге алынған қызметкерді құтқарып, елге ерлігімен танылған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы WBC ұйымының президенті Маурисио Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Маурисио Сулейман қазақстандық Әлихан Жарылғапов арқылы ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетіне жоғары бағасын берген. Одан қалды жерлесімізді ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп атады.

Онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр, – деді ұйым басшысы.

Бұған дейін Алматы әуежайында діни ағым өкілі делінген күдікті қызметкерді пышақпен қорқытып, кепілге алғанын жазған болатынбыз.

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button