Демалыс

Еліміздегі оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады

Қазақстандық оқушылар үшін биылғы көктемгі демалыс 21-31 наурызы аралығында басталады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемгі демалыста оқушылар жалпы саны 11 күн демалады.

Төртінші тоқсан 1 сәуірде басталып, 8 оқу аптасына созылып, 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Бұған дейін Жоғары білім және ғылым министрлігі наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) 21 мыңға жуық талапкер тапсырғанын хабарлаған болатын. Тестілеудің бірінші аптасында ең жоғары нәтижеге 135 балл жинаған Абай ауданының оқушысы қол жеткізді.

Фото: ortcom.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button