Санатсыз

«Бір айдан соң басқа адамға айналасың»: Мұхамеджан Тазабек оразаның пайдасы туралы айтты

Белгілі айтыскер ақын, психолог Мұхамеджан Тазабек қасиетті Рамазан айының мәні мен оразаның адам баласына берер пайдасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Оның айтуынша, оразаның ең үлкен пайдасы – тақуалыққа жету, яғни Аллаға жақындау.

Адам Раббысын тани түспесе, Ол жайлы осы айда көбірек ойлап, Онымен қарым-қатынасындағы қателерді дұрыстап, ризашылығын табудағы талпыныстарын күшейтпесе – тек қарнын босатып, бекер аш жүрген пенде болып қалуы мүмкін, – деп жазды Тазабек.

Оның сөзіне қарағанда, өзгеру мен жаман қылықтан арылудың ең төте жолы – өз-өзіңді тәрбиелеу.

Бұрын жиі боқтасаң, ең құрығанда кешке дейін тіліңді таза ұста. Тыз еткен ашуланшақ болсаң, ең болмағанда ауыз ашқанша сабыр сақта. Екі күнде байқалмас, бес күнде білінбес, бірақ бір айдан соң басқа адамға айнала бастағаныңды өзің де сезесің… — деп жазды ол.

Сондай-ақ Мұхамеджан Тазабек Рамазан айы өзгеруге, тазаруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын уақыт екенін айтты.

Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button