Санатсыз

Тоқаев Финляндия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фин тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Республикасының Президенті Александр Стубб телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ақорда мәліметінше, мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға қос тараптың да бейіл екенін растады.

Екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін Финляндия Президенті биыл қазан айында Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарланған жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнын байытудың маңызына назар аударылды. Оның қорытындысы қазақ-фин серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб бірқатар өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Тараптар орнықты дамуды қамтамасыз ету, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету мақсатында көпжақты ұйымдар аясындағы күш-жігерді үйлестірудің маңызын атап өтті.

Фото: Ақорда

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мұны да оқи аласыз
Close
Back to top button