Санатсыз

Ұлттық құрылтай: Тоқаев елімізде жалған психологтар мен коучтар көбейіп кеткенін айтты

Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі уақытта елімізде алаяқтық әрекеттер жиілеп, теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап жүргеніне айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Құрылтай мүшелері тағы бір жайтқа алаңдаушылық білдіріп отыр. Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегіп жатыр, – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен «коучтар» көбейіп кеткеніне тоқталды.

Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Бұл мәселені Құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек дұрыс көтеріп отыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс, – деді Президент.

Фото: Ақорда

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button