Санатсыз

Астанада орталық атқарушы органдардың жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

Астана қаласы әкімдігінде жұмыс уақытын өзгерту мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Астана қаласының көлік жүйесін дамыту перспективалары қаралды.

Бүгінде біз қарастырып жатқан тағы бір мәселе, жұмыс уақытын өзгерту. 2017 жылдан бастап әкімдіктің жұмыс уақыты таңғы сағат 08:30–ға ауыстырылған. Осы орайда орталық атқарушы органдардың жұмыс уақытын өзгерту мәселесін Үкімет деңгейінде көтеруді жоспарлап отырмыз. Өзгеріс жарты сағатқа ма, бір сағатқа ол мәселені біз әлі талқылаймыз. Бұл мәселені білім беру және денсаулық сақтау нысандарымен бірлесе қарастырамыз, — деді қалалық мәслихат отырысында баяндама жасаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев.

Елорда әкімі орынбасарының сөзіне қарағанда, жұмыс уақытын өзгерту шарасы жолаушылар ағынын азайтуға септігін тигізеді, сондай-ақ, кептеліс мәселесі сәл де болса шешімін табады.

Қоғамдық көлікті пайдаланатын әр жолаушы жұмысқа жарты сағат ерте шығуға тура келеді, ал жүргізушілер де сәйкесінше қозғалысты реттеп, жол қозғалысын бірқалыпты етуге мүмкіндік алады. Алайда мәселені әлі де жан-жақты пысықтау қажет, сіздермен бірлесіп талқылап, тиімді шешім қабылдаймыз. Бұл ең жылдам және оң өзгерістердің бірі болатынына сенімдіміз, — дейді ол.

Фото: RUNSTUDIO/Getty Images

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button