Наурыз мерекесі – қазақтың салт-дәстүрінің жаңғыруы

Наурызнама онкүндігі жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өтетін маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Бұл іс-шаралар тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) үшінші мақсаты – «Салауатты өмір салты және салауаттылық», сондай-ақ төртінші мақсаты – «Инклюзивті және тең сапалы білім беру» аясында 2025 жылдың 19 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінде 410 аудиторияда қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 6B04205 Құқықтану БББ-ның 1 курс 106 тобында тарих пәні бойынша тәлімгері С.Ш. Үркүмбай, тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының PhD докторы, аға оқытушысы А.О. Кошымованың ұйымдастыруымен «Наурыз мерекесі – қазақтың салт-дәстүрінің жаңғыруы» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға 1 курс студенттері, сондай-ақ заң және тарих факультетінің профессор-оқытушы құрамы қатысты.
Қазақстан Республикасы қазіргі таңда заманауи Конституциясы мен құқықтық нормалары қалыптасқан, дамыған мемлекет ретінде белгілі. Қазақ халқы заңмен қатар, өзінің салт-дәстүрін де құрметтеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Қазақтың салт-дәстүрі ғасырлардан бері сақталып, көшпелі тайпалардың әдет-ғұрыптарынан бастау алады. Осы күнде қазақ қоғамында ұлттық мінезге айналған басты дәстүрлерінің бірі – қонақжайлылық. Қонақжайлылық қазақ қоғамында аса маңызды саналып, қонақты ашық әрі құшақ жая қарсы алу – басты міндеттің бірі болып есептеледі. Қонақ – үйдегі ең құрметті адам. Оны ең дәмді тағамдармен тамақтандырып, оған бар жағдайды жасау – ежелден келе жатқан дәстүр.
Қонақасы – қонақ күтуге байланысты дәстүр. Бата беру – қонақтың жолға шығуы алдында, әсіресе ұзақ сапарға шыққан кезде айтылатын тілек. Бұл батаны әдетте жасы үлкендер айтып, әдемі поэтикалық формада жеткізеді. Бел көтерер – үлкен қонақтарға арналған дастархан. Бұл дәстүр үлкендерге деген құрметті көрсетеді. Қонақкәде – үй иесінің қонаққа ән айтып, музыкалық аспапта ойнауды сұрайтын дәстүрі.
Ерулік – жаңа қоныстанушылар құрметіне ұйымдастырылатын мереке. Бұл мереке кезінде жаңадан келген көршілерге материалдық көмек көрсетіліп, олар жергілікті тұрғындармен танысып, өмірге бейімделуге мүмкіндік алады. Көрімдік – жас келінді немесе жаңа туған нәрестені алғаш рет көрген қонақтың сыйы. Сүйінші – үйге қуанышты хабар әкелген адамға алғыс ретінде бағалы сыйлық беретін әдет-ғұрып. Шашу – қонақтарға тәттілер мен ақшаны шашу дәстүрі. Бұл дәстүр әсіресе балалар үшін қуанышты сәт болып табылады, себебі олар тәттілерді жинап қуанады. Қазақтар шашу арқылы үйіне ырыс пен береке әкелетінін сенген.
Қазіргі кезде қазақ халқы өзінің салт-дәстүрлерін аса құрметпен сақтап келеді. Бір отбасында балалар ағылшын тілін меңгеріп, жаңа технологияларды меңгерсе, әжелер әлі күнге дейін ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдарды киіп жүреді. Бұл отбасыларда цифрландыру мен заманауи өмір салтына қарамастан, үлкендер мен балалар арасында өзара түсіністік пен махаббат сақталады. Дәстүр бойынша баланы сәби кезінен үлкендермен, өмірдің даналары мен тәжірибелі адамдарымен араласып, әдептілік пен ұстамдылыққа баулиды.
Іс-шараның басты мақсаты – салт-дәстүрдің ұлттық болмыс пен мәдениетіміздегі орны мен маңызын түсіндіру. Қазақтың ұлттық дәстүрлері халықтың сана-сезіміне, тәрбиесіне және өміріне негізделіп, қоғамда үлкен рөл атқарған. Оларды сақтап, келер ұрпаққа жеткізу – еліміздің рухани байлығын құруда маңызды қадам. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр – бұлжымас заң рөлін атқарған. Сондықтан да, ұлттық құндылықтарымызды зерттеп, сақтап, оны шынайы құрметтеу қажет.
Бұл шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды құрметтеп, қазақтың ұлттық болмысын, мәдениетін, тұрмыс-салттарын терең түсініп, оны болашақ ұрпаққа ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Сондай-ақ, жастардың рухани байлығы мен ұлттық санасының қалыптасуына зор ықпал ету.
С. Үркүмбай,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
заң факультетінің 1-курс 106-топ эдвайзері,
А. Кошымова,
ҚазҰУ тарих факультетінің PhD докторы,
аға оқытушысы
Фото: дереккөз