Санатсыз

ҚазҰУ студенттері «таза энергияға көшу» мәселесін талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы  өзінің инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы еліміздегі маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерге белсенді түрде үлес қосып келеді. Бұл жолы кафедраның білім алушыларымен  табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық мәселелерді шешу және энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды тақырып —Тұрақты даму мақсаттарының жетінші бағыты «Қолжетімді және таза энергия», бүкіл әлемдегі адамдарға тұрақты, қымбат емес және экологиялық таза энергия көздерін ұсынуды көздейтінін назарға ала отырып,осы маңызды мәселені талқыладық.

Студенттер бұл тақырыпты кеңінен талқылап, жаңа энергия көздеріне көшу қажеттілігін, экологиялық әсерін және болашақ үшін тиімді шешімдер ұсынды. Оқу ордамыздың студенттерінің пікірінше, таза энергияға көшу қазіргі қоғам үшін маңызды қадам болып табылады. Өйткені, әлемде табиғи ресурстардың сарқылуы мен климаттың өзгеруі сияқты мәселелер барған сайын көбірек алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл тақырыпты талқылауда таза энергияның маңызды артықшылықтары мен экологиялық әсерін кеңінен атап өтті.

Таза энергия — бұл қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығармайтын энергия түрі. Мұндай энергия көздері ретінде күн, жел, су, геотермалдық және биомассалық энергия көздері қарастырылады. Бұл энергия түрлері қоршаған ортаға ешқандай теріс әсер етпей, тұрақты дамуға ықпал етеді. Студенттердің айтуынша, таза энергияға көшу — бұл болашақ ұрпақ үшін экологиялық тепе-теңдікті сақтау, табиғи ресурстарды сақтап қалу және көміртегі ізін азайту тұрғысынан өте маңызды.

Талқылау барысында,Қазақстандағы энергия өндіру саласындағы қазіргі жағдайды сөз етіп, елімізде дәстүрлі энергия көздерінен таза энергияға көшу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударды. Қазақстанның энергетикалық саласы әлі де көмір мен мұнайға тәуелді, алайда соңғы жылдары елде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған маңызды қадамдар жасалды.

Студенттер еліміздің энергетикалық секторында қайта жаңғыртылатын энергия көздеріне көшу қажеттілігін атап өтіп, осы салада жаңа бастамалар мен технологияларды енгізу маңызды екенін мәлімдеді. Қазақстанның Үкіметі 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясының үлесін 10%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы нақты қадамдар ретінде кафедра  студенттері елімізде жел, күн және су энергиясын пайдалану бойынша жобаларды дамыту, сондай-ақ осы салаларға инвестициялар тарту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, олар Қазақстанның географиялық орналасуы мен табиғи ресурстарының жаңа энергия көздерін дамыту үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. Таза энергияға көшу тек экологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан да тиімді шешім екеніне сенім мол. Таза энергияға көшу экономиканың жаңа салаларының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті өндірістің дамуына мүмкіндік береді. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану ұзақ мерзімді перспективада энергия тәуелділігін азайтып, энергия бағасын тұрақтандырады.

Студенттер сондай-ақ, осы өзгерістердің әлеуметтік артықшылықтарын да талқылады. Таза энергия көздерін дамыту арқылы тұрғындардың денсаулығын сақтау, экологиялық ахуалды жақсарту және салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндіктері арта түседі. Сондай-ақ, бұл экономиканың жасыл технологияларға бет бұруы Қазақстанның халықаралық аренада экологиялық көшбасшы болуына мүмкіндік береді.

Кафедрамыздың білім алушылары осы маңызды мәселе бойынша пікір алмасып, Қазақстандағы энергия саласындағы өзгерістер мен жаңартылатын энергия көздеріне көшу үдерісінің артықшылықтарын талқылады. Олар бұл бағытта Қазақстанның алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетуі үшін ғылыми зерттеулерді күшейту, инновациялық технологияларды дамыту және қоғамдық ақпараттандыру жұмыстарын жандандырудың маңызды екенін атап өтті.

А. Базилова,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультеті қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу

және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

Токеш Назар,

Адиль Муслимов,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің студенттері

Фото: gps.ucsd.edu

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button