Жоғары білім мен сапалы оқыту: ҚазҰУ тәжірибесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 1934 жылы негізі қаланған университет өзінің 90 жылдық тарихында еліміздің білім беру жүйесіне үлкен ықпал етіп, ғылым мен білім саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. ҚазҰУ-дың басты міндеттерінің бірі – сапалы білім беру, студенттерді тек теориялық тұрғыда емес, сонымен қатар практикалық дағдылармен қамтамасыз етіп, оларды қоғамның қажеттіліктеріне сай кәсіби маман етіп даярлау болып табылады.
Заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының сапалы білім беруі — стратегиялық мақсатының негізі. Бұл міндеттің маңызы әсіресе білім беру саласындағы қазіргі талаптар мен өзгерістерге байланысты айқын бола түсуде. Қазіргі уақытта университет тек білім алушыларға сапалы білім беру ғана емес, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру, халықаралық білім беру деңгейін қолдау, сондай-ақ инновациялық технологияларды енгізу арқылы университеттің білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді көздейді.Университеттің сапалы білім беру міндеті үш негізгі бағытты қамтиды:
- Жоғары сапалы оқыту мен ғылыми жұмыстарды қамтамасыз ету
- Студенттерге кәсіби дағдыларды дамыту мүмкіндіктерін ұсыну
- Халықаралық деңгейдегі білім беру стандарттарына сәйкес білім беру жүйесін қалыптастыру
Оқу ордамызда сапалы білім беру міндетімізді жүзеге асыру үшін бірінші кезекте оқытушылардың кәсіби біліктілігіне ерекше көңіл бөлінеді. Университеттің оқытушылары әлемдік деңгейде білім алып, ғылыми зерттеулер жүргізіп, студенттерге тек теориялық қана емес, практикалық дағдыларды да үйретеді.
Оқытушылардың үздіксіз біліктілігін арттыру, олардың ғылыми жұмыстары мен халықаралық деңгейдегі тәжірибелерін студенттермен бөлісуі – білім сапасын арттырудың негізгі құралы.Сонымен қатар, ғылыми зерттеу жұмыстары студенттер мен оқытушылар арасында тығыз байланыс орнатылған. Студенттер ғылыми-зерттеу жобаларына қатысып, өздерінің ғылыми жұмыстарын халықаралық деңгейде ұсынуға мүмкіндік алады. Бұл, өз кезегінде, университеттің білім беру сапасының арттырып, болашақ мамандарды терең зерттеу дағдыларымен қамтамасыз етеді. Студенттерге кәсіби дағдыларды дамыту мүмкіндіктерін ұсынуда қара шаңырақта білім беру тек теориямен шектелмейді.
Университет студенттерге құқықтық білімдерін тереңдету үшін тәжірибелік дағдыларға да ерекше назар аударады. Бұл үшін ҚазҰУ көптеген арнайы бағдарламалар ұйымдастырып, студенттерге заңгерлік қызметте қажетті дағдыларды меңгертуге мүмкіндік береді.Бұдан басқа, университеттің көптеген серіктес ұйымдарымен және мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық орнатуы студенттердің тәжірибеден өтуіне және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді. Оқытушылар мен студенттер арасында тығыз байланыс орнауы арқылы университет мамандары кәсіби өмірге дайын болуға үлкен үлес қосады.
Университет көптеген халықаралық жоғары оқу орындарымен серіктес болып, студенттер мен оқытушыларға әлемдік деңгейдегі тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу студенттердің құқықтық және ғылыми білімдерін кеңейтеді, сондай-ақ олардың кәсіби біліктілігін арттырады.ҚазҰУ-да сапалы білім беру – бұл тек оқу процесі мен теорияны игерумен шектелмейді. Бұл міндетімізді жүзеге асыру үшін біз студенттерге жоғары сапалы білім мен кәсіби дағдыларды, ғылыми-зерттеу дағдыларын, халықаралық тәжірибені және заңгерлік қызметте қажетті практикалық тәжірибені ұсына отырып, олардың болашақтағы мансаптарына дұрыс жол көрсетуге ұмтыламыз.
Сапалы білім беру – тек Қазақстанның ғана емес, халықаралық деңгейде де бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудағы басты мақсатымыз болып табылады.Оқу ордамызда білім беру жүйесін дамыту арқылы біз еліміздің және әлемнің құқықтық жүйесін нығайтуға, жаңа ұрпақты сапалы, білімді және білікті заңгерлермен қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырмыз.
Г. Нурахметова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті
азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,
еңбек құқығы кафедрасының з.ғ.к., доцент
Фото: ашық дереккөз