Санатсыз

Арманы асқақ Аяжан

Аяжан Саветхан – Талдықорған қаласында тұрады. № 4 мектептің 4-сынып оқушысы. Сабағын үздік оқитын ол спортпен шұғылданады. Кекушинкая каратэден қаланы айтпағанда, облыстық, республикалық деңгейдегі чемпионаттарда талай мәрте топ жарып, мектебінің ғана емес, туған қаласының атын шығарып жүр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

«Спорт – денсаулық кепілі» деген сөз бар ғой, — дейді жас спортшы. – Каратэден түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрмін. Демек еңбегімнің еш кетпегені деп түсінемін. Спортпен айналысу сабағыма кедергі келтірмейді. Қайта мұғалімдерім жарыс бола қалса, сабақтан босатады. Сайыстарға барарда жеңіс тұғырынан көрінуімді тілейді. Апайларым да, сыныптастарым да мені үнемі қолдайды. Сабақтан, спорттан бір сәт қолым босай қалғанда кітаптар оқимын. Жылдам оқуды үйреніп жүрмін».

Аяжан, жоғарыда өзі айтқандай, каратэден бірнеше рет жүлдегер атанған. Мәселен, Жетісу облысы бойынша аталған спорт түрінен өткен чемпионаттарда әр жылдары жүлделі ІІІ, ІІ, І-орындарды жеңіп алған. Сондай-ақ қалалық сайыста екі рет ІІ орынға, бір рет ІІІ орынға ие болса, Павлодар қаласында өткен республикалық «Ертіс арланы» чемпионатында І орынды қанжығасына байлаған.

Өскенде каратэден жаттықтырушы болуды армандайтын Аяжан мұнымен тоқтап қалғысы келмейді. Күн сайын жаттығып, жақсы нәтижелерге қол жеткізгісі келеді. Дарынды шәкірттер тәрбиелеп, өз елінің көк байрағын желбіретуді ойлайды. Болашақта Әлем чемпионы болуды қалайтынын да жасырмайды.

Арманы асқақ Аяжанға біз де сәттілік тілейміз.

Ғани әл-ТОРҒАИ

Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button