Санатсыз

Дрондар шабуылы: Сербия президентінің ұшағы Бакуге шұғыл қонды

Сербия президенті Александр Вучич мінген ұшақ Бакуге мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Minval басылымы Мәскеуге ұшып бара жатқан Сербия президентінің ұшағы Украина дрондарының Ресей аймақтарына жасаған шабуылына байланысты Бакуге қонуға мәжбүр болғанын жазды.

Хабарламада президенттің ұшағы әуе кеңістігіндегі қауіпсіздікке байланысты Ресей аумағына қарай ұшуды жалғастыра алмағаны айтылған. Шиеленісті ескере отырып, Мәскеуге бағытталған рейс қауіпсіз емес деп танылып, президент делегациясы Әзербайжан астанасы Бакуде қалуға мәжбүр болды.

Кейінірек РИА агенттігі хабарлағандай, Сербия президентінің ұшағына ұшуға рұқсат беріліп, ол Бакуден Мәскеуге қайта аттанған.

Вучич Мәскеуге Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысу үшін барды. Серб көшбасшысы Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына қатысып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.

Бұған дейін Латвия мен Литва билігі Вучичтің ұшағына өздерінің әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салған болатын. Ал Еуропалық Одақ үміткер елдердің және мүше мемлекеттердің басшыларын Мәскеуге бармауға шақырған.

Осыған жауап ретінде Вучич Путинге Жеңіс күніне Мәскеуге міндетті түрде барамын деп уәде бергенін, алайда, үкімет пен армия өкілдерін ертпейтінін, себебі олар санкцияға ұшырап қалмауы тиіс екенін айтқан.

Фото: Anadolu

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button