Антикор Ермек Тұрсыновқа қарсы тергеу жүргізілмегенін мәлімдеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шараларын жүргізбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Агенттік Тұрсыновтың Facebook желісінде берген ақпараты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне белгісіз екенін айтты.
Сонымен қатар бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ішкі аудит қызметінің қорытындысымен және арызымен «Долгое эхо» көркем фильмін дайындау кезінде лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін киностудияның бұрынғы басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы «Н» режиссерінің жүгінгенін хабарлаймыз. Оның арызы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген хабарламада.
Қосалқы мердігерлік жұмыстарды жеткізуші «Alashfilm» ЖШС болып табылды, оның бұрынғы директоры «Т» деген азамат болды.
Бұдан әрі оның бұрын «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында режиссер Тұрсыновтың бизнес-серіктесі және серігі болғаны анықталды.
«Alashfilm» ЖШС бұрынғы директоры «Т» қатысуымен куәгер мәртебесінде бірқатар тергеу әрекеті жүргізілді. Тұрсыновтың өзі тергеу органына шақырылмаған. Қазіргі уақытта іс бойынша ешкім күдікті деп танылған жоқ, – деп қосты Антикордың баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін режиссер Ермек Тұрсыновтың Қазақстаннан кетіп қалғанын жазған едік.
Фото: instagram.com/tursunov_ermek